← Артқа
СҰРАҚ-ЖАУАП

НАМАЗДАН КЕЙІН ТӘКБІР ТАШРИҚТЫ АЙТУ МІНДЕТ ПЕ?

Алла Тағала Құранда: «Санаулы күндерде (парыз намаздан кейін тәкбір, тахлил айтып) Алланы еске алыңдар»[1], - деп бұйырды.

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағаланың құзырында осы он күнде жасалған ізгі амалдан абзал әрі сүйкімді игі іс жоқ. Ендеше сол кезде тасбихты (субханалла), тахмидты (әлхамду лиллә), тахлилді (лә иләһа илләлла), тәкбірді (Аллаһу акбар) көбейтіңдер», – деген[2].

Ғалымдар тәкбір ташриқты айтуға бірауыздан келіскен (ижмағ еткен).

Шариғат бойынша, ташриқ күндері әр парыз намаздың артынан бір рет тәкбір ташриқ айту – уәжіп.Тәкбірді имамның артынан ұйыған адамдар да айтады. Әйел кісілер тәкбір айтқанда дауыстарын қатты көтермейді. Тәкбірді бір реттен артық айтса да болады. Бұрынғы қаза намаздарды оқығанда немесе ташриқ күндері қаза етіп, оны сосын өтегенде тәкбір ташриқ айтылмайды.